Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Олжас Абай махаббат туралы жан сырын ақтарды

Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен суретін жариялап, махаббат туралы тебірене жазды. Ол сезімге деген көзқарасы өзгергенін айтты.

Олжас Абай махаббат туралы жан сырын ақтарды
Сурет: aikyn.kz

Танымал актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен бірге түскен суретін жариялап, оған әсерлі жазба қосқан. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Сурет: aikyn.kz

Өнер иесі жазбасында махаббат сезімін терең түсіне бастағанын айтып, жан сырын ақтарған. Ол 5 жылда алғаш рет бір ай бойы көріспегенін, екеуінің де оңай адам емес екенін жеткізген.

«Тылсым сезім жек көрген сайын, естен тандырып жақсы көргізіп жіберетіні таңғалдырады… Енді мен сезім мен махаббатқа бұрынғы көзбен қарамаймын. Терең науканы дұрыстап зерттеп алмасам жарылқай бергенге жанып кетер жайым жоқ, сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Сендер де айтпайсыңдар. Ғашықпын саған, ғажабым», — деп жазған актер.