Шымкентте заңсыз тауар белгісі басылған 860 қап өнім тәркіленді
Шымкентте заңсыз тауар белгісі басылған 860-тан астам қап контрафактілік өнім тәркіленіп, кінәлілер сотқа жіберілді.
Шымкент қаласының Әділет департаменті полиция және экономикалық тергеу департаменттерімен бірлесіп, заңсыз өнім шығаратын жасырын цехтың жұмысын тоқтатты.
Тексеру барысында қызметкерлер тауар белгілері заңсыз қолданылған 860-тан астам қап контрафактілік өнімді анықтап, тәркіледі.
Қазіргі уақытта жиналған материалдар кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді. Бұл бап бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалануды қарастырады.
Өңірде контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.




