Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +10° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Air Astana рейсі Лондондағы әуежайдың жабылуына байланысты Франкфуртке қонды

Air Astana-ның Алматы-Лондон рейсі Хитроу әуежайының жабылуына байланысты Франкфуртке қонды. 138 жолаушының 67-сі транзиттік аймақта қалды.

Air Astana рейсі Лондондағы әуежайдың жабылуына байланысты Франкфуртке қонды
Сурет: baq.kz

Хитроу әуежайының уақытша жабылуына байланысты Air Astana әуе компаниясының Алматы-Лондон бағытындағы KC663 рейсі Франкфуртке қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы әуе компаниясы хабарлады.

Airbus A321 ұшағында 138 жолаушы болған. Хитроу түннің соңына дейін жабық болатындықтан, Лондонға одан әрі ұшу тоқтатылып, рейс келесі күні 09:25-ке (UTC) шегерілді.

Жолаушылардың 67-сінде жарамды Шенген визасы болмағандықтан, олар Франкфурт әуежайының транзиттік аймағында қалуда. Барлық жолаушыларға тамақ пен сусын алуға арналған ваучерлер таратылды.

Франкфурт қаласына шығуға құқығы бар жолаушыларды қонақүйге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға қажетті қолдау көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істеуде.

Air Astana жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі мен жайлылығы басты басымдық екенін атап өтті.