Біржан Хасанғалиев филармонияда жауапты қызметке тағайындалды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев Жамбыл атындағы филармонияда директордың орынбасары болып тағайындалды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев енді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында қызмет атқарады. Ол директордың менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Бұл шешімді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті қабылдаған. Филармония ұжымы әріптесін жаңа міндетімен құттықтап, сәттілік тіледі.
«Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз! Жаңа қызметіңіз жемісті болсын!» — делінген құттықтауда.
Біржан Хасанғалиев — елімізге танымал әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.




