Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады

Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады. Тәуекел топтарына кіретін азаматтар бірінші кезекте егіледі.

Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады
Сурет: aikyn.kz

Елімізде тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу мақсатында 15 қыркүйектен бастап вакцинация науқаны басталады. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер бекіткен кешенді іс-шаралар аясында алдымен тәуекел топтарына жататын азаматтар егіледі. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрғандар, балалар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, егде жастағы адамдар, сондай-ақ жабық мекемелер мен әлеуметтік қорғау жүйесінде тұратындар бар.

Астанадағы емханалар маусымдық өсуге дайындықты күшейтуде. ЖРВИ белгілері бар пациенттерге арналған сүзгі кабинеттері мен шұғыл көмек кабинеттері жұмыс істейді. Олар жұмыс күндері 08:00-ден 20:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, үй жағдайында көмек көрсететін мобильді бригадалар жұмыс істейді. Ерекше назар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға аударылады. Стационарлар госпитализацияның ықтимал өсуіне дайын: қосымша инфекциялық төсек-орындар орналастыру жоспарлары, дәрі-дәрмек қоры қарастырылған, төсек-орын қорының толымдылығы тұрақты бақыланады.

Мектептер мен балабақшаларда күнделікті сабаққа қатысу мониторингі және таңертеңгі сүзгі жүргізіледі. Ауырған балалар анықталса, олармен байланыста болғандарға медициналық бақылау орнатылады. Сыныптағы оқушылардың 30 пайызы немесе одан көбі ауырған жағдайда сынып қашықтықтан оқытуға көшіріледі.

Медициналық ұйымдардың дайындығы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан 10 қыркүйекке дейін бағаланады. ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша мониторинг күшейтіледі.

Дәрігерлер тұрғындарды профилактикалық шараларды сақтауға шақырады: бетперде тағу, қолды жуу, бөлмелерді желдету, адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу. Аурудың алғашқы белгілері байқалса, өздігінен емделмей, емханаға немесе сүзгі кабинетіне жүгіну қажет.