Маңғыстауда тұрғын үй саласы мамандарына арналған семинар өтті
Маңғыстауда тұрғын үй саласы мамандарына арналған семинар өтіп, онда көпқабатты үйлерді басқару, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу…
Маңғыстау облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мамандары үшін семинар ұйымдастырылды. Оған облыстық басқарушы сервистік компаниялар мен мүлік меншік иелері бірлестіктері қауымдастығының төрағалары, Төтенше жағдайлар департаментінің, Ақтау қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Семинарда көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, МИБ пен басқарушы компаниялардың міндеттері мен жауапкершілігі, тұрғындармен кері байланысты күшейту, тұрғын үй қорын қауіпсіз пайдалану және заңнама талаптары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу, инженерлік желілерді қауіпсіз пайдалану, авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері және тұрғындармен тиімді коммуникация орнату мәселелері сөз болды.

Партия жанындағы «Ақтау тұрғындары» БПҰ басты міндеттерінің бірі – тұрғындардың мәселесін тыңдап қана қоймай, олардың шешілуіне ықпал ететін тұрақты диалог алаңын қалыптастыру. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Іс-шара аясында Құрылтай сайлауы кезінде партиямен тығыз байланыс орнатып, қолдау көрсеткен МИБ төрағаларына «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының басшысы И.Шағырбаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.




