Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Рыбакина US Open-те үшінші айналымда жеңіске жетті

Елена Рыбакина US Open-тің үшінші айналымында Юлия Стародубцеваны жеңіп, ширек финалға шығу үшін Наоми Осакамен кездеседі.

Рыбакина US Open-те үшінші айналымда жеңіске жетті
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында украиналық теннисші Юлия Стародубцеваны екі сетте тізе бүктірді.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық спортшы US Open-тің үшінші айналымында әлемнің 58-ракеткасымен кездесіп, 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Хард кортта өткен матч 1 сағат 53 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 12 эйс жасап, бір қос қателік жіберді, ал 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Теннис федерациясының мәліметінше, ширек финалға шығу үшін Елена әлемдік рейтингте 13-орында тұрған жапониялық Наоми Осакамен кездеседі.