Ұлттық банк 8 қыркүйекке арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 8 қыркүйекке арналған шетел валюталарының ресми бағамын жариялады.
Мәліметке сәйкес, АҚШ доллары 454.31 теңгені құраса, еуро 528.04 теңгеге бағаланды. Түрік лирасы 9.38 теңге, ал қырғыз сомы 5.20 теңге болды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің дирхамы 123.70 теңге, Қытай юані 67.70 теңге деңгейінде тіркелді. Фунт стерлинг 615.04 теңгеге, украин гривнасы 10.23 теңгеге бағаланды.
Ресей рублінің бағамы 5.25 теңгені құрады.




