Тоқаев Бразилия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Луис Инасиу Лула да Силваны және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Қазақстанның Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Ол бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық халықтардың игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.




