Алматыдағы Ұлжан-1 шағынауданында екі қабатты ғимарат өртенді
Алматыдағы Ұлжан-1 шағынауданында екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп, ТЖМ қызметкерлері өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Алматыдағы Ұлжан-1 шағынауданында екі қабатты ғимарат өртке оранды. Оқиға желіде тараған видео арқылы белгілі болды.
ТЖМ мәліметінше, «112» пультіне Алатау ауданындағы Балқұдық көшесінде орналасқан Ұлжан-1 шағынауданында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шақырту нөмірі жоғары тәртіппен ТЖМ күштері жіберілді.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде екі қабатты ғимараттың шатыры жанғаны анықталды. Іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында оқиға орнында өрт сөндірудің жедел штабы құрылды.
Құтқарушылар судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, өрт сәтті сөндірілді. ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.




