Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Silk Way Star байқауының екінші маусымы Қытайда тұсауын кесті

Silk Way Star халықаралық музыкалық байқауының екінші маусымы Қытайда басталды. Қазақстаннан қатысқан Рухия Байдүкенова алғашқы турда жеңімпаз атанды.

Silk Way Star байқауының екінші маусымы Қытайда тұсауын кесті
Сурет: inform.kz

Қытайда Silk Way Star халықаралық музыкалық байқауының екінші маусымының тұсаукесері өтті. Жобаның алғашқы шығарылымы CCTV-3 (Variety Channel) және CCTV-15 (Music Channel) телеарналарында, сондай-ақ CCTV.com мен CCTV Arts цифрлық платформаларында көрсетілді.

Байқауға 12 елдің өнерпаздары қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Малайзия, Түркия, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузиядан келген әншілер бар.

Қазақстан атынан сынға түскен Рухия Байдүкенова қазақтың халық әні «Бұлбұлды» орындап, екінші маусымның алғашқы турында жеңімпаз атанды.

Халықаралық музыкалық жоба Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group компаниясының бірлескен жобасы ретінде жүзеге асырылуда. Байқау әртүрлі елдердің мәдениеті мен музыкалық дәстүрлерін бір сахнада тоғыстыруды мақсат етеді.

Еске сала кетейік, 2025 жылы өткен байқауда бас жүлдені Моңғолиядан келген Мишель Жозеф жеңіп алған болатын.