Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жітіқарадағы өртті сөндіруге 189 адам жұмылдырылды

Қостанай облысының Жітіқара ауданында құрғақ шөп өртеніп, өртті сөндіруге 189 адам мен 39 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Жітіқарадағы өртті сөндіруге 189 адам жұмылдырылды
Сурет: aikyn.kz

Қостанай облысының Жітіқара ауданында құрғақ шөп өртеніп, өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Тілсіз жау Большевик ауылының маңындағы ашық аумақта шыққан.

Өртті ауыздықтауға 189 адам мен 39 техника жұмылдырылды. Олардың қатарында ТЖМ қызметкерлері, «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС, жергілікті атқарушы органдар, «КМ» АҚ, полиция және орман шаруашылығы мамандары бар.

Өрт сөндірушілердің жұмысын қалың әрі биік шөп пен қатты жел қиындатып отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.