Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ормуз бұғазындағы мұнай транзиті тәулігіне 9 млн баррельден асты

АҚШ энергетика министрі Крис Райт Ормуз бұғазы арқылы тәулігіне 9 млн баррельден астам мұнай тасымалданатынын мәлімдеді.

Ормуз бұғазындағы мұнай транзиті тәулігіне 9 млн баррельден асты
Сурет: baq.kz

АҚШ энергетика министрі Крис Райттың мәліметінше, Ормуз бұғазы арқылы тасымалданатын мұнай көлемі қазір тәулігіне 9 млн баррельден асады. Бұл туралы ол CNN эфирінде айтты.

Министрдің сөзінше, бұғазды айналып өтетін құбырлар арқылы мұнай жеткізу көлемі қақтығысқа дейінгі деңгейдің шамамен үштен екісіне жеткен. «Ормуз бұғазы арқылы транзит қазір орта есеппен тәулігіне 9 млн баррельден асады», – деді Райт.

Сонымен қатар, АҚШ энергетика министрі Иранның қарсылығына қарамастан, АҚШ Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы «шайқаста жеңіске жетеді» деп мәлімдеді.

Ормуз бұғазы әлемдік энергетика нарығындағы маңызды теңіз дәліздерінің бірі саналады. ТАСС мәліметінше, ол арқылы әлемдік мұнай саудасының шамамен 25%-ы, сондай-ақ сұйытылған табиғи газдың 20%-ға жуығы тасымалданады.