Қазақстан тарихының көптомдығы баспаға дайындалуда
АСТАНА. Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта академиялық еңбектің терминологиясын біріздендіру, тарихи материалдар мен иллюстрацияларды жүйелеу, мәтіндерді редакциялау және беттеу сияқты баспа алдындағы жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин мәлімдеді.
— Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазір академиялық еңбектегі терминологияны біріздендіру, тарихи материалдар мен иллюстрацияларды жүйелеу, мәтіндерді редакциялау, беттеу және басқа да баспа алдындағы жұмыстар атқарылып жатыр, — деді Вице-Президент.
Ерлан Тынымбайұлы осы іске жауапты редакторлар ұжымымен бірге күн тәртібіндегі мәселелерді талқылағанын айтты.
— Академиялық басылымның баспаға сапалы әрі талапқа сай дайындалуына қатысты атқарылып жатқан шаруалардың барысын сараладық. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады, — деді ол.
Ерлан Қарин бұған дейін Қазақстандағы ескерткіштердің мазмұндық және мағыналық сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс басталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ескерткіштер ұлттық бірегейлік пен ортақ құндылықтарды дәріптеуі керек.




