Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Мелони Тоқаевқа құттықтауы үшін алғысын білдірді

Мелони Тоқаевқа құттықтауы үшін алғысын білдірді
Сурет: aikyn.kz

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған құттықтауы үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Мелони Тоқаевқа «жоғары бағасы мен кездесулерге әрдайым тән шынайы достығы үшін» ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, стратегиялық көзқарасы бар, болашаққа ұмтылған көшбасшымен жұмыс істеу үлкен қуаныш.

Сурет: aikyn.kz

Италия премьері екі ел энергетика, аса маңызды минералдық ресурстар және жоғары білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатқанын атап өтті. Ол Қазақстан мен Италия бұл бағыттағы жұмысты екі халықтың өсіп-өркендеуі үшін жалғастыратынын жеткізді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді оның үкіметі Италия тарихындағы ең ұзақ жұмыс істеген кабинеттердің біріне айналуымен құттықтап, екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесін атап өткен.