6 қыркүйекте бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» 6 қыркүйекте бірнеше өңірде жаңбыр, найзағай, тұман, шаңды дауыл және өрт қаупіне байланысты ескерту жасады.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6 қыркүйекте елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал облыс бойынша төтенше өрт қаупі жарияланды. Ақтөбе қаласында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың солтүстігінде де жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында жоғары өрт қаупі бар.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың орталығында, батысында және шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында төтенше өрт қаупі жарияланды. Іле Алатауы бойынша (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік болады. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да төтенше өрт қаупі жарияланды.
Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығы мен шығысында күші 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі бар. Ақтау қаласында түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.




