Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Алматы облысында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. ТЖМ өрттің үш ошағын оқшаулап, төртіншісін сөндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Алматы облысында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр
Сурет: aikyn.kz

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Тілсіз жау Нұрлы ауылынан шамамен 20 шақырым қашықтықта, Іле өзенінің маңындағы ашық алқапта тұтанған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазір өрттің төрт ошағының үшеуі оқшауланған. Төртінші учаскеде жалынды сөндіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Өрт аумағының батпақты және жетуі қиын жерде орналасуы мамандардың жұмысын қиындатып тұр. Өрт ошағына апаратын кірме жолдардың болмауына байланысты арнайы және ауыр техниканың өтуі үшін жол салынуда.

Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, Шелек орман шаруашылығының мамандары және «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының экипажы жұмыс істеп жатыр. Жалпы өртті сөндіруге 70-ке жуық адам, 21 техника және тікұшақ жұмылдырылған.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жағдай ТЖМ бақылауында.