Сәтпаев «Бристоль Ситиге» қарсы ойынға ілікпеді
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында «Бристоль Ситиге» қарсы ойынға құрамға ілікпеді. Кездесу бүгін сағат 19:00-де өтеді.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы кезекті матчқа қатыспайды. Ол Англия Чемпионшипінің бесінші турында «Бристоль Ситиге» қарсы өтетін ойынға арналған құрамға енбеді.
Кездесу бүгін «Терф Мур» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Бұған дейін Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шығып, үздік ойыншы атанған еді. Сол кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған. Жалпы, қазақстандық футболшы осы маусымда «Бернли» сапында төрт матч өткізді.
Төрт турдан кейін «Бернли» екі ұпай жинаса, «Бристоль Ситидің» еншісінде жеті ұпай бар.




