Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанда қоғамдық тамақтану нысандарының саны 17,5%-ға өсті

2025 жылы Қазақстанда қоғамдық тамақтану нысандарының саны 17,5%-ға өсіп, 19 588-ге жетті. Алматы, Астана және Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Қазақстанда қоғамдық тамақтану нысандарының саны 17,5%-ға өсті
Сурет: aikyn.kz

2025 жылы Қазақстан бойынша 19 588 қоғамдық тамақтану нысаны тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға артық. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 16 674 нысанды құраған еді.

Өңірлер бөлінісінде ең көп нысан Алматы қаласында – 3 522. Екінші орында Астана – 2 761, үшінші орында Қарағанды облысы – 1 275 нысан.

Мейрамханалар саны бір жыл ішінде 666-ға көбейіп, 3 024-ке жетті. Асханалар саны 5,7 пайызға өсіп, 5 618-ден 5 940-қа дейін артты. Дәмханалар саны 15,1 пайызға көбейіп, 5 202-ден 5 987-ге жетті.

Мейрамхана саны бойынша Астана көш бастап тұр – 654 нысан. Алматыда 602 мейрамхана болса, Батыс Қазақстан облысында 248 мейрамхана бар. Алматы дәмханалар саны бойынша да алда – 1 036. Астанада 809, Қарағанды облысында 485 дәмхана тіркелген.

2025 жылы тамақтану және сусын ұсыну саласындағы қызмет көлемі 2,1 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткішті қоғамдық тамақтану орындарының жалпы санына шаққанда, бір нысанға орта есеппен жылына шамамен 107 млн теңгеден келеді.