Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Алматыда қауіпті жүргізуші 20 тәулікке қамалды

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші 20 тәулікке қамалды. Оның әлеуметтік желідегі бейнежазбасы құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті.

Алматыда қауіпті жүргізуші 20 тәулікке қамалды
Сурет: aikyn.kz

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қауіпті маневр жасаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтауға жүргізушінің өзі әлеуметтік желіге жариялаған бейнежазбасы себеп болған.

Бейнекадрларда көліктің қиылыста жүріп келе жатып, жолға көлденең сырғанағаны көрінеді. Жүргізуші күрт маневр жасап, қауіпті әрі агрессивті түрде қозғалысын жалғастырған.

Ең қауіптісі – осы сәтте жаяу жүргіншілер бағдаршамның рұқсат беретін белгісімен жолдан өтіп бара жатқан. Сонымен қатар бейнежазба барысында балағат сөздер айтылып, кейін ол әлеуметтік желіге жарияланған.

Алматы полициясы жүргізушінің жеке басын анықтағанын мәлімдеді. Ол жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушыға 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Бұл – жолдың «көзге түсерлік» көлік жүргізуді көрсетуге арналған орын емес екенін тағы бір мәрте көрсетеді. Ал қауіпті әрекетті әлеуметтік желіге жариялау жауапкершіліктен босатпайды. Керісінше, мұндай бейнежазбалар құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтауға көмектеседі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты талаптар баршаға ортақ.