Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Бельгиялық Жәнібек қазақ халқына ізгі тілегін жолдады

Бельгиялық Жәнібек (Мұрат Савелиев) туған анасын іздеп, қазақ халқына ізгі тілегін жолдады. Ол әр шаңыраққа береке, бірлік пен бейбітшілік тіледі.

Бельгиялық Жәнібек қазақ халқына ізгі тілегін жолдады
Сурет: aikyn.kz

Туған анасын іздеп жүрген бельгиялық Жәнібек (Мұрат Савелиев) әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Ол Қазақстан халқына арнаған ізгі тілегін білдіріп, әр шаңыраққа береке мен бірлік тіледі.

«Қымбатты, отбасым! Сендер менің отбасымсыңдар. Бүгінгі дұғам… Уа, Алла! Қазақстанымды және барша халқымды аман сақтай гөр. Әр шаңыраққа береке, жүректерге тыныштық, елімізге бірлік пен бейбітшілік сыйлай гөр. Баласын сағынған ата-ананы, ата-анасын сағынған баланы бір-біріне қауыштырғайсың. Жоғалтқанын іздеп жүрген әрбір жанға үміт, сабыр және қайта қауышу бақытын нәсіп ет. Баршамызға денсаулық, мейірім мен күш-қуат бере гөр», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Жәнібектің туған анасымен тезірек кездесуін тілеп, жылы лебіздерін білдіруде.