Кенжебек Жанәбілов Ақтауға ұшып келді: дәрігерлер рұқсат берді
«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов денсаулығы жақсарған соң Ақтауға ұшып келді. Дәрігерлердің рұқсатымен ол әріптестерімен қайта қосылды.
«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде жанкүйерлерін қуантты. Ол әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы жақсарғанын және Ақтауға ұшып келгенін хабарлады.
Сәкеннің айтуынша, дәрігерлер әншіге ұшақпен ұшуға рұқсат берген. Ол бұл жаңалықты «сүйінші» деп атап, былай деді: «Сүйінші, қазақ елі. Дәрігерлер рұқсат беріп, Кенжебек бүгін Ақтауға ұшып келді. Бірге боламыз, Құдай қаласа».
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, жылы лебіздерін білдіруде. Көпшілік үш әншінің бірге өнер көрсететінін асыға күтетінін жазды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсіп, шұғыл ота жасалғаны хабарланған еді.




