Ақбота Керімбекова әкесінің зорлығы туралы сыр шертті
Әнші Ақбота Керімбекова отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтып, әкесінің қол көтеруі мен оның ішкі сезімдерімен бөлісті.
Әнші Ақбота Керімбекова отбасындағы қиын кезең туралы айтып берді. Оның айтуынша, зорлық-зомбылық пен жанжалды көріп өскен бала мұндай жағдайды ұзақ уақыт ұмыта алмайды, бұл оның санасында ұзақ із қалдыруы мүмкін.
Ақбота Керімбекова мұндай жағдайды өзі де бастан өткергенін жасырмады. «Анам менен кейін балалы болмады. Мен жалғыз қызбын. Әкем сол ұлы болмағаны үшін маған да, анама да қол көтеретін. Ол кезде баламын, ештеңе істей алмадым. Іштей қынжылатынмын. «Әкем үйге келмесе екен» деп тілейтінмін. Күндердің күнінде әкемнің басқа отбасы, баласы бар екенін естідік. Мен шыны керек, оған қуандым», — дейді әнші.




