Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +8° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатында ширек финалға шыға алмады

Қазақстандық жағажай волейболы жұптары Азия чемпионатының 1/8 финалында жеңіліс тауып, ширек финалға шыға алмады.

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатында ширек финалға шыға алмады
Сурет: aikyn.kz

Қытайдың Шанло қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін қазақстандық спортшылар 1/8 финалда бақ сынады.

Ерлер арасында Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад Аустралиялық Томас Ходжес пен Бен Худқа қарсы ойнап, 0:2 (10:21, 11:21) есебімен жеңілді. Ал Сергей Богату мен Кирилл Гурин Қатар өкілдері Шериф Юнус пен Ахмед Тиджаннан 0:2 (12:21, 13:21) есебімен ұтылып қалды.

Әйелдер арасында Лаура Қабылбекова мен Мерей Қожахмет Қытайлық Янь Сюй мен Ся Синьимен кездесіп, 2:0 (21:13, 21:9) есебімен қарсыластарына жол берді.

Осылайша, чемпионатта Қазақстанның үш жұбы да ширек финалға өте алмады.