Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Шахтинск тұрғыны газ баллонын жару қаупі үшін 16 тәулікке қамалды

Шахтинск қаласының 33 жастағы тұрғыны газ баллонын жару қаупімен қорқытқаны үшін 16 тәулікке қамауға алынды. Оқиға 2 қыркүйекте болған.

Шахтинск тұрғыны газ баллонын жару қаупі үшін 16 тәулікке қамалды
Сурет: aikyn.kz

Шахтинск қаласының 33 жастағы тұрғыны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 16 тәулікке қамауға алынды.

2 қыркүйекте полицияға К.Маркс көшесіндегі пәтерлердің бірінде тыныштық бұзылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары мән-жайды анықтау кезінде пәтердегі ер адамның газ баллонын жарып жіберетінін айтып қорқытқанын анықтаған.

Сот отырысында ол алкоголь ішкенін мойындап, полицияға айтқан сөздерін «әзіл» деп түсіндірген. Алайда мұндай қорқытуларды әзіл ретінде қабылдауға болмайды, өйткені адам өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттер заң бойынша жауапкершілікке әкеледі.