Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркістанда көпбалалы ана жанжалдан кейін қаза тапты

Түркістан облысында отбасылық жанжалдан кейін көпбалалы ана қаза тапты. Күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістанда көпбалалы ана жанжалдан кейін қаза тапты
Сурет: aikyn.kz

Түркістан облысында отбасылық жанжал салдарынан көпбалалы әйел қаза тапты. Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сілтеме жасап, Aikyn.kz хабарлайды.

Ауыр жарақат алған әйелді алғаш байқаған оның ең кіші ұлы болған. Анасының дауысын естіп, бөлмеден шыққан жас жігіт оны қанға боялған күйінде көріп, дереу жедел жәрдем шақырған. Әйел ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Ерлі-зайыптылардың шамамен 25 жыл бірге тұрып, төрт бала тәрбиелегені белгілі болды. Жанжалдың нақты себебі әзірге айтылмаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін марқұмның күйеуі де өзіне жарақат салып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда бұл мәлімет ресми расталмаған.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті шаралар атқарылуда.

Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.