Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Павлодарда рұқсатсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

Павлодарда рұқсатсыз жұмыс істеген бес шетелдік анықталып, жұмыс берушіге 30 АЕК айыппұл салынды. Жыл басынан 104 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

Павлодарда рұқсатсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды
Сурет: aikyn.kz

Павлодар облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактісін анықтады.

Ақсу қаласындағы нысандардың бірінде құрылыс жұмыстары кезінде шетелдіктің бес азаматы заңнама талаптарын бұзып, еңбек еткен.

Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Александр Кузьменконың айтуынша, жыл басынан бері осындай құқықбұзушылықтарға жол берген 104 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Аталған факті бойынша шетелдік азаматтарға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушіге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.