Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

БҰҰ 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады. Қарарға 32 мемлекет тең автор болды.

БҰҰ 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады
Сурет: aikyn.kz

Биыл 31 тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен әзірленген қарар қабылдап, 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп белгіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Aikyn.kz хабарлады.

Қарарға әлемнің түрлі өңірлерін білдіретін 32 мемлекет тең автор болды. Бұл бастаманың халықаралық қоғамдастық үшін өзектілігін көрсетеді.

Қарардың қабылдануы – Қазақстанның жаһандық экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге және қоршаған ортаны қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру, жасыл желектер аумағын кеңейту мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы халықаралық күш-жігерді біріктіруге қосқан үлесі.

Сурет: aikyn.kz

Құжат әлемдік қоғамдастықтың көгалдандыру мен табиғи экожүйелерді қалпына келтірудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттерді, БҰҰ жүйесін, халықаралық және өңірлік ұйымдарды, азаматтық қоғамды және басқа да мүдделі тараптарды тиісті іс-шаралар мен бастамаларды жүзеге асыруға ынталандыруға бағытталған.

Халықаралық күннің белгіленуі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарымен үндеседі. Бұл акция қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, аумақтарды абаттандыруға және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Қарардың қабылдануы Мемлекет басшысының тағы бір халықаралық бастамасының іс жүзінде жүзеге асырылуы болды. Бұл Қазақстанның орнықты даму мен болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған көпжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі тәсілдерінің сұранысқа ие екенін растайды.