Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақы тазы мен төбет күні: министрлікте салтанатты шара өтті

Экология министрлігінде Қазақы тазы мен төбет күніне орай салтанатты шара өтіп, 20 азамат марапатталды. Биыл мереке алғаш рет аталып отыр.

Қазақы тазы мен төбет күні: министрлікте салтанатты шара өтті
Сурет: aikyn.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Қазақы тазы мен төбет күніне арналған салтанатты жиын өтті. Министр Әлібек Қуантыров кинологтар одағының өкілдері, ит өсірушілер мен хендлерлерді қабылдады.

Министр қатысушыларды мерекемен құттықтап, ұлттық ит тұқымдарын сақтау мен дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол қазақы тазы мен төбеттің асыл қасиеттерін қорғау және отандық кинологияны қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Салтанатты рәсімде ұлттық ит тұқымдарын сақтауға үлес қосқан 20 азамат марапатталды. Оларға министрліктің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Биыл Қазақы тазы мен төбет күні алғаш рет аталып отыр. Мереке күні ретінде 3 қыркүйек таңдалған. 2024 жылдың дәл осы күні Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала танып, №372 халықаралық стандартын бекіткен еді. Осылайша, Қазақстан тұқымның шыққан елі ретінде ресми түрде танылды.

Қазіргі уақытта елімізде ұлттық ит тұқымдарының асыл тұқымдық қорын қалыптастыру, қазақы тазының табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту бойынша жұмыстар жалғасуда.