Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығы күтілетінін хабарлап, дауылды ескерту жасады.
Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр, найзағай, тұман, желдің күшеюі, шаңды дауыл және үсік жүруі мүмкін.
Найзағай мен жаңбыр Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында күтіледі.
Желдің күшеюі Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында болжанады.
Үсік Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Абай облысында күтіледі.




