Аударыспақтан Расул Құрайыш күміс жүлдегер атанды
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан құрамасының спортшысы Расул Құрайыш 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.
Спорт комитетінің мәліметінше, ақтық сында отандасымыз қырғызстандық қарсыласымен белдесіп, жеңіліс тауып, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Бұған дейін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қожагелді Нұрсұлтан да жүлдегер атанған болатын.




