Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанның бірқатар өңірінде 3 қыркүйекте үсік пен жел күшейеді

Қазгидромет 3 қыркүйекке арналған болжамын жариялады: бірқатар өңірде үсік, тұман, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, өрт қаупі сақталады.

Қазақстанның бірқатар өңірінде 3 қыркүйекте үсік пен жел күшейеді
Сурет: inform.kz

Қазгидромет 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтілетінін ескертті. Синоптиктердің мәліметінше, түнде және таңертең кейбір аймақтарда үсік жүріп, тұман түседі, күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ желдің күшеюі мен шаңды дауыл болжанып отыр.

Абай облысының солтүстік және орталық бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде батыс пен шығыста ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Ақмола облысының батысы, оңтүстігі және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі. Түнде шығыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, ал қалған аумақта төтенше өрт қаупі жарияланды. Ақтөбе қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысында күндіз оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың орталығы, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қонаевта төтенше өрт қаупі жарияланды. Атырау облысы мен Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде солтүстік, шығыс және таулы аудандарда 5 градусқа дейін үсік жүреді. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Облыстың шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге, Алакөл көлдері маңында кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Солтүстікте өрт қаупі жоғары, оңтүстік пен шығыста төтенше деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі жарияланды, солтүстік-батыста жоғары деңгей сақталады. Орал қаласында да жоғары өрт қаупі бар. Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстік-шығыста екпіні секундына 15 метрге жетеді. Түнде шығыста 2 градусқа дейін үсік жүреді. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталықта төтенше өрт қаупі жарияланды.

Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күндіз оңтүстік және орталық аудандарда жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл болады, желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді, төтенше өрт қаупі жарияланды.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары деңгей сақталады. Ақтау қаласында да төтенше өрт қаупі бар. Павлодар облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде оңтүстікте 1 градусқа дейін үсік жүреді. Павлодарда түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, батыс пен оңтүстікте екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде солтүстік пен шығыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады.

Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Батыс, солтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні кей уақытта 23-28 метрге дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, қалада төтенше өрт қаупі жарияланды. Түркістанда да желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі жарияланды. Бұған дейін елде ауа температурасы 33 градусқа дейін жоғарылайтыны хабарланған болатын.