Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Түркі әлемінің фотографтары Мажарстанның тарихын кадрға түсірді

Түркі әлемінің фотографтары Мажарстанның тарихын кадрға түсірді

Түркі әлемінің 13 фотографы 12-22 тамыз аралығында Мажарстанға сапар шегіп, елдің тарихи-мәдени мұрасын, дәстүрлі тұрмысын, табиғаты мен ұлттық өнерін таспалады.

Foto by Dauren Mukhamedzhanov

Сапар Будапешт сәулетінен басталып, Паннонхалма, Калоча, Хортобадь, Бугац пен Холлокоға дейін жалғасты.

Сапардың ең маңызды сәті — «Ұлы Ғұн – түркі Құрылтайы – 2026» іс-шарасы болды.

Дала мәдениеті, ат үстіндегі өнер, дәстүр мен тарих тоғысқан бұл көріністер фотографтар үшін ғана емес, түркі әлемінің ортақ мәдени жады үшін де құнды кадрларға айналды.

Будапештте халықаралық фотокөрме ұйымдастырылып, сапар барысында түсірілген таңдаулы жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, Түркі әлемі фотосуретшілері қауымдастығының ІІ Құрылтайы өтіп, қазақстандық фотограф Асылхан Әбдірайым қауымдастықтың алғашқы төрағасы болып сайланды. Ұйымның штаб-пәтері Алматыда орналасады.

Қазақстан атынан сапарға қатысқан фотографтардың бірі — Дәурен Мұхамеджанов.

Оның Мажарстаннан әкелген кадрлары бір елдің ғана көрінісі емес, тарих пен бүгінді, дала мен қаланы, дәстүр мен заманауи әлемді бір кезеңге тоғыстырады.

Фотогалерея: Дәурен Мұхамеджановтың Мажарстан сапарынан.

Мажарстан, 2026 жыл.