Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Жетісудегі әскери бөлімді тексерді

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков Жетісудағы 5514 әскери бөлімінде болып, жеке құрамның жауынгерлік қызметі мен тұрмысын…

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Жетісудегі әскери бөлімді тексерді
Сурет: aikyn.kz

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков Жетісу облысының орталығындағы 5514 әскери бөліміне арнайы сапармен келді. Бұл бөлім қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін атқарады.

Сурет: aikyn.kz

Сапар барысында Бас қолбасшы 1 және 2-батальондарды, сондай-ақ 3-жедел мақсаттағы ротаны аралап, жеке құрамның жауынгерлік қызметі мен күнделікті тұрмысын көрді. Сарбаздар күн сайын қала көшелерінде жауынгерлік қызмет атқарады, бұл қырағылықты, жоғары дайындықты және жауапкершілікті талап етеді.

Сурет: aikyn.kz

Аңсаған Скендерұлы сарбаздардың тұрғын үй-жайларын, асханаларын, оқу және дайындық сыныптарын тексеріп, әскери техникаларға арналған парктың жұмысымен де танысты. Сонымен қатар ол кинология бөлімшесі мен «Бүркіт» арнайы жасағының қызметіне ерекше назар аударып, арнайы бөлімшелердің жауынгерлік даярлығын, қызметтік иттерді дайындау барысын және жеке құрамның кәсіби шеберлігін бағалады.

Әскери қызметшілер Бас қолбасшыға өздерінің күнделікті қызметі мен жауынгерлік міндеттерді орындау барысы туралы баяндады. Бөлімдегі жағдаймен танысқан генерал-лейтенант жеке құрамның қызмет өткеруіне қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтіп, бөлім басшылығына бірқатар тапсырма берді.

Атап айтқанда, әскери қызметшілердің тұрмысы мен қызмет жағдайын одан әрі жақсартудың жаңа бағыттарын қарастыру міндеті қойылды.