Айдана Меденова өмір туралы ой толғап, жанкүйерлерін толғандырды
Әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырманды ойландырды. Ол уақытты бағалауға және өзін құрметтейтіндерді қадірлеуге шақырды.
Әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.
Сахнаға біраз үзілістен кейін оралған әнші уақытты бағалауға және өзін құрметтейтін жандарды қадірлеуге шақырды.
«Біздің өмір сүруге уақытымыз шынымен де аз. Сізді таңдайтын адамдарды таңдаңыз және басқаларды жайына қалдырыңыз», – деп жазды ол.
Бұл жазба желі қолданушыларының назарын аударып, әншінің жеке өміріне қатысты түрлі болжамдар туғызды.
Дегенмен, Айдана Меденованың соңғы ерекше образдары көрермендердің көңілінен шығып, жылы ықыласына бөленуде.




