Азия ойындары-2026: Қазақстан велошабандоздарының құрамы белгілі болды
Қазақстанның велоспорт құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Қазақстанның тас жолдағы велоспорттан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Aikyn.kz-тің хабарлауынша, құрама сапына үш спортшы енген: Алексей Луценко, Евгений Фёдоров және Николя Винокуров.
Биылғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 160 шақырымдық топтық жарыста ел намысын қорғайды. Сонымен қатар, Алексей Луценко жекелей сында уақытқа жарыста бақ сынайды.
Еске сала кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.




