Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Атыраудағы әскери бөлімде «Мектепке жол» акциясы өтті

Атыраудағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде «Мектепке жол» акциясы өтіп, көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп құралдары табысталды.

Атыраудағы әскери бөлімде «Мектепке жол» акциясы өтті
Сурет: aikyn.kz

Атырау қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында игі шара ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – көпбалалы әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету және балалардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету.

Шара «Halyk Bank» АҚ демеушілігімен өткізіліп, әскери қызметшілердің мектеп жасындағы балаларына оқу жылына қажетті мектеп құралдары табысталды. Балаларға мектеп сөмкелері, дәптерлер, қаламсаптар және басқа да оқу құралдары берілді.

Әскери бөлім командирі полковник Самет Құлахмедов атап өткендей, балаларға жасалған әрбір қолдау олардың білімге деген ынтасын арттырып, болашаққа нық қадам басуына мүмкіндік береді. Ол мұндай игі бастамалар әскери қызметшілердің отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың маңызды бөлігі екенін жеткізді.

«Мектепке жол» акциясы қоғамдағы қайырымдылық пен өзара қолдаудың маңызын арттыратын игі дәстүрге айналған. Ұлттық ұланның әскери бөлімдері жыл сайын бұл бастамаға белсенді түрде атсалысып келеді.