Биыл 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды
Биыл Қазақстанда 380 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Олардың 296 мыңы мемлекеттік, 23 мыңы жекеменшік мектептерде білім алады.
Биылғы бірінші сынып оқушыларының 71%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 2,5%-ы өзге тілдерде білім алады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бастауыш сынып оқушыларының оқыту жүйесі өзгерді. Қазір 2–4 сыныптарда бағалаудың жаңа тәсілдері енгізілді. Енді оқушының күнделікті еңбегі, оқу барысындағы ілгерілеуі және алған білімін тәжірибеде қолдана білуі ескерілмек.




