Ерке Есмахан қыздарға Раймдай жар тіледі
Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарына жауап беріп, қыздарға Раймдай жар тіледі. Ол әйел бақыты жолдасына байланысты екенін айтты.
Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап беріп, әйелдің бақыты жолдасына байланысты екенін айтты.
Оның пікірінше, қыз қанша ақылды, сұлу болса да, қасындағы жары дұрыс болмаса, оның бәрі бекер. Әнші бұл сөздерін өмірдің шындығы деп атады.
Ерке Есмахан оқырмандарына тілегін жеткізіп, қыздарға Раймдай жар жолығуын тіледі. Ол өзін үш баланың анасы, жар, әнші, өмірдің азды-көпті сынақтарын көрген қазақтың қызы ретінде таныстырды.
«4 қызыңызға Раймдай жар, өзіңізге Раймдай күйеу бала жолықса, бақыттарыңыз еселенеді. Бұл — мақтағаным емес, барымды бағалап, мақтанғаным. Аллаға сансыз шүкір! Қыз қанша жерден мықты, ақылды, сұлу болса да, қасындағы жары дұрыс болмаса, оның бәрі бекер. Бұл — өмірдің шындығы. Ниетіңізді Алла қабыл етсін! Бармақтай бақ берсін, бақытты болсын қыздарыңыз. Қыз баланың тағдыры мені алаңдататынын “Дауыс” альбомымнан да байқаған шығарсыздар. Жақсы сөз, жақсы ниет бәрін жеңеді», — деп жазды әнші.




