Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Екібастұздан Павлодарға жаңа туған нәресте санитарлық рейспен жеткізілді

Екібастұздан Павлодарға жаңа туған нәресте санитарлық рейспен жеткізілді
Сурет: aikyn.kz

«Қазавиақұтқару» ұшқыштары Екібастұз қаласынан Павлодар қаласына жаңа туған нәрестені жеткізу үшін санитарлық рейс орындады. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Ұшу барысында кішкентай науқастың жағдайын санитариялық авиация дәрігерлері тұрақты бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Ұшу сәтті өтті.

Санитариялық авиация рейстері төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін аса маңызды.

ТЖМ авиациясы адамдарды құтқару және шұғыл көмек көрсету міндеттерін тәулік бойы орындауға дайын.