Тоқаев Малайзия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Ануар Ибрагим мен оның отандастарына құттықтау жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.
Президент ортақ күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да халықтар игілігі үшін дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимге игі бастамаларында сәттілік, ал Малайзия халқына бақ-береке тіледі.




