Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Мемлекет басшысы Ерлан Қаринді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

Мемлекет басшысы Ерлан Қаринді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады. Кездесу барысында Президент Вице-Президент лауазымының Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.