Тоқаев партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, Олжас Бектеновтің Премьер-Министр лауазымына кандидатурасын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламентінің Құрылтайындағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді.

Фракция жетекшілеріне сөз сөйлеген Президент Қазақстанның жаңа Конституциясының 46-бабына сәйкес Олжас Бектеновтің Премьер-Министр лауазымына кандидатурасы бойынша олармен консультация өткізуі тиіс екенін айтты.

Талқылауға «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.






