Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ринат Мұхаметқали Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімін басқарады

Ринат Мұхаметқали Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Оның еңбек жолы мен білімі туралы мәліметтер берілген.

Мемлекет басшысының өкімімен Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Ринат Мұхаметқали 1981 жылы дүниеге келген. Ол М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002-2004 жылдары жеке және мемлекеттік ұйымдарда бастаған. 2004-2009 жылдары Әділет министрлігінің заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2009-2010 жылдары Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары болған. 2010-2021 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде инспектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.

2021-2022 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы, 2022-2023 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қаңтарынан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары болған.

2025 жылдың қаңтарында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған еді.