Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Олжас Бектеновтің кандидатурасы Премьер-министр лауазымына ұсынылды

Олжас Бектеновтің кандидатурасы Премьер-министр лауазымына ұсынылды
Сурет: aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Бүгін Құрылтай депутаттары вице-президент пен премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды жариялау үшін жиналды.

Олжас Бектенов 2024 жылғы ақпанда Үкімет басшысы болып тағайындалған еді. Ол 1980 жылы Алматыда дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2005–2006 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болды. 2006–2009 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет атқарды.

2009–2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары, 2012–2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің орталық аппаратында департамент бастығы болды.

2015–2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2016–2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті басшысы болды.

2017–2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2018–2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2019–2022 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.

2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. 2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Айбын» (2014) және «Даңқ» (2021) ордендерімен наградталған.