Жезқазғанда кафеде өрт шығып, 5 шаршы метр аумақ жанды
Жезқазған қаласындағы Алашахана көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кафеде өрт болды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кафедегі жиһаз тұтанып, өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар өртті жарты сағат ішінде сөндіріп, жалынның таралуына жол бермеген.
Сондай-ақ, өрт кезінде кафеден бір газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылған.




