Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +10° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Иран әскери күштері Ормуз бұғазында 30 кемені тоқтатты

Иран Қарулы күштері Ормуз бұғазында белгіленген тәртіпсіз өтпек болған 30 кемені тоқтатты. Кемелер 22 тамыздан бері бағыттан ауытқып өтуге тырысқан.

Иран әскери күштері Ормуз бұғазында 30 кемені тоқтатты
Сурет: baq.kz

Иран Қарулы күштері соңғы аптада Ормуз бұғазы арқылы белгіленген тәртіпсіз өтпек болған 30 кемені ұстады. Бұл туралы Mehr агенттігі хабарлады.

Иран мәліметінше, бұл кемелер 22 тамыздан бері бұғазды белгіленген бағыттан ауытқып кесіп өтуге тырысқан. Алайда елдің Қарулы күштері олардың әрекетіне жол бермеді.

Қазір Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы шектеулі режимде жүріп жатыр. Тегеран кемелердің тек Иран белгілеген бағытпен, алдын ала келісім жасап, тиісті талаптарды орындаған жағдайда ғана өтуіне рұқсат беретінін мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары 30 тамызда бірде-бір кеменің елмен үйлестірусіз бұғаздан өте алмайтынын айтты.

Ормуз бұғазы әлемдік энергетика үшін стратегиялық маңызға ие теңіз жолдарының бірі. Бейбіт уақытта әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ тасымалының шамамен бестен бірі осы бағыт арқылы жүзеге асады.