Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанда бөлшек несие нарығының өсімі баяулады

Қазақстанда бөлшек несие нарығының өсімі баяулады
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанда бөлшек несие нарығының өсімі баяулаған. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында несие портфелі жыл басынан бері 4,3%-ға өскен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,1% болған.

Несиесі бар азаматтардың үлесі 88,6%-дан 87,1%-ға төмендеді. Ал бөлшек несиеге өтінімдер саны бір жылда 11,5%-ға қысқарды. Оның 95%-ы кепілсіз несиеге тиесілі.

Ипотеканың нарықтағы үлесі артқанымен, оған өтінімдер 13,4%-ға азайған. Ал жылжымайтын мүлікті кепілге қойып алынатын тұтынушылық қарыздарға сұраныс 83,3%-ға өскен.