Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +8° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Непалда су тасқынынан кейін тоннельдерде қалған жүздеген адам іздестірілуде

Непалда су тасқынынан кейін тоннельдерде қалған жүздеген адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде. 780-нен астам адам қаза тапқан.

Непалда су тасқынынан кейін тоннельдерде қалған жүздеген адам іздестірілуде
Сурет: aikyn.kz

Непалдағы құтқарушылар алапат су тасқыны салдарынан тоннельдерде қалып қойған жүздеген адамды іздеп жатыр. Reuters хабарлауынша, негізгі іздеу жұмыстары Гималайда салынып жатқан бес гидроэлектр станциясында жүргізілуде.

Upper Trishuli гидроэнергетикалық кешеніндегі тоннельдердің бірінде шамамен 350 адам қалып қоюы мүмкін. 30 тамызда құтқарушылар тоннельдердің бірінің кіреберісіне жетіп, оны басып қалған үйінділерді тазалай бастады. Екі адам тоннель аузынан шығарылды.

Құтқару жұмыстарына Непалдың 10 мыңға жуық әскери қызметкері, сондай-ақ Қытай мен Үндістаннан келген арнайы мамандар қатысуда. Таулы аймаққа ауыр техника тікұшақтармен жеткізілуде.

26 тамызда Қытай мен Непал шекарасына жақын Гималайда мұздықтың опырылуынан мұз, тас пен лай аралас үлкен тасқын жүрген. Соңғы дерек бойынша табиғи апаттан 780-нен астам адам қаза тауып, 3 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған.