Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ұзынағаш ауылында жас қыздың өлімі: туыстары суицид нұсқасын жоққа шығарады

Ұзынағаш ауылында жас қыздың өлімі: туыстары суицид нұсқасын жоққа шығарады
Сурет: aikyn.kz

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында 21 жастағы Диана ерлер дәретханасынан өлі күйінде табылды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.

Полиция қыздың өлімін Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тергеп жатыр. Алайда марқұмның туыстары бұл нұсқаға күмәнмен қарайды.

Туыстарының сөзінше, Диана қайтыс болған күні анасымен бірге болған, кейін ағасының үйіне бармақ болған. Түнде ол жақындарының қоңырауларына жауап бермеген.

Жақындары қыздың денесінен көгерген жерлер мен соққы іздерін байқаған. Сондай-ақ 100 мың теңгесі мен алтын алқасы жоғалған. Кейбір жеке заттарын отбасы кейін жырадан тауып алған.

Марқұмның құрбылары әлеуметтік желіде Диананың өзін аңдыған ер адам туралы жазған хаттарын жариялады. Туыстары оқиғаға дейін дәретхана маңында екі көлік пен төрт жігіт болғанын айтқан.

Қазір полиция қыздың өліміне қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.